«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢ БАҒАЛАРЫН БЕРДІ

Тәртіп сақшылары мен “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының өкілдері бірлесіп, “Жолда қабылдау” акциясын өткізді. Дәстүрлі түрде жылына екі рет өткізілетін акцияның қатысушылары “Оңтүстік” бақылау-өткізу пунктінде, вокзал маңы алаңында және Есіл ауданының ішкі істер бөлімінде жүргізушілерді қабылдап, олардың сауалдарына жауап берді.

Мәселен, ресейлік Алексей Суслов ай сайын іссапарға шығып, діттеген жеріне Петропавл қаласы арқылы барады екен. Сауалнамаға қатысқан ол жол-патрульдік полицейлердің сыпайылығын атап өтті.

Сондай-ақ, кейбір жүргізушілердің тәртіпсіздігі де айтылды. Жылдамдықты жақсы көретіндер жаяу жүргіншілерге, тіпті, басқа да көлік жүргізушілеріне жол бермейді екен. Жол қозғалысына бейжай қарамайтын азаматтар осыған қатысты өздерінің ұсыныстарын айтты. Бұл ұсыныстар жол-патрульдік полицияның назарына алынбақ.

Акцияға бір жүзге тарта жүргізуші қатысып, жол үстіндегі тәртіпке оң бағаларын берді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің

аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp