«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢ ПІКІР БІЛДІРУДЕ

«Instagram» желісіндегі екі сағаттық тікелей эфир барысында солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 67 сұраққа жауап берді. «WhatsApp» қосымшасындағы «қауырт желіге» екі сағат ішінде жиырмадан астам сұрақ келіп түсті. Әлеуметтік желі пайдаланушылары жұмыстың осындай форматын қолдап, оң пікірлерін білдіруде. Сұрақтар көлік құралдарын тіркеуге, жүргізуші куәліктерін беруге, әкімшілік айыппұлдарды төлеу мен жол белгілерін орнатуға қатысты болды.

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспановтың айтуынша, әкімшілік полиция жұмысына қатысты отызға жуық сұрақ  түсті. Полицейлер тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа форматына көшіп, онлайн режімде  түскен сауалдарға сауатты, толық әрі нақты жауаптар берілді.

Енді әр сәрсенбі сайын ведомствоның барлық басқармаларының басшылары  кестеге сәйкес тікелей эфирге қатысатын болады. Дәл осы күні «WhatsApp» мессенджерінде 8-708-43-21-102 нөмірі арқылы «қауырт желі» жұмыс істейді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp