«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАЙДАЛЫ КӨКӨНІС

Брокколи қырыққабаты – ең пай­далы көкөніс. “Брокко” деген ита­льян сөзінен шыққан, бұта деген ма­ғы­наны білдіреді. Алғаш рет Ежелгі Римде жабайы қырық­қабаттан өсі­рілген. Орта ғасырларда Фран­ция­да кеңінен танымал тағамға айнал­д­ы. Кейін АҚШ-қа, Еуропа елдеріне тарады.

Өкінішке қарай, біздің елімізде брокко­лиді тағамға көп тұтына бер­мейді. Брок­колидің құрамында калий, фос­фор, кальций, маг­ний, темір, мырыш, мар­га­нец, кү­кірт, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е, К, А дәрумендері бар.
Ғалымдар брокколидің обырға қарсы емдік қасиеті бар еке­нін айтуда. Бұл көкөніс өзге де ауру­лардың алдын алуға көмектеседі. Әсіресе, жүрек сырқаты қаупін тө­мен­детіп, ағзадағы зиян­ды заттар­ды сыртқа шығарады. Сондықтан брокколи өскіндерінен даярланған су­сын ішу пайдалы. Сондай-ақ, су­самыр, аутизм сырқаттарының белгілерін бәсеңдете алады. Сұлулықты қа­лып­тастыруда да оның пай­дасы зор. Брокколи шашты, тырнақты ны­ғай­тады, әжімдердің алдын алады, демек кәрілікпен күреседі.
Диетолог ретінде адамдарға кө­көністі жиі пайдалануға кеңес бере­мін. Ұзақ уақыт қайнат­қанда ол пай­далы қасиеттерінен айыры­лады. Мүм­кіндік болса буға пісіріп немесе шикі күйінде тұтынған жөн.

 

Юлия ПОДСКРЕБКИНА,  диетолог.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp