«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қауіпсіздікті бақылау және еңбекті қорғау бөлімі бастығы Б.Жанбутинді ұстады.

Ұлттық бюро ақпаратына қарағанда, ол кәсіпорындағы еңбек заңнамасының сақталу мәселесі бойынша жүргізілген тексеру фактісі бойынша оң қорытынды беру және қамқорлығына алу үшін жеке тұлғадан 250 мың теңге көлемінде пара алған.

Бүгіндері сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp