Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалының басшысы Асқар Жанкинді пара алғаны үшін ұстады. 4 млн. теңге мөлшеріндегі заңсыз сыйақыны ол Ұлттық қордың есебінен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңартумен айналысып жатқан мердігер ұйымнан алған. Қазір күдікті Петропавл қаласының ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 2 қаралым