«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парамен ұсталды

Петропавл қалалық әкімдігінің кә­сіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Лауазымды тұлға күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара талап еткен. Бұл соманы мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедер­гісіз қол қойғаны үшін алмақ болған.

Сондай-ақ, жуырда Петропавлда­ғы Ұлттық ұлан әскери институтының офицері де қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілік­кен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің арнайы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде батальон командирінің қоғамға жат пиғылы әшкереленді. Ол әскери институт басшылығы тарапынан белгіленген тыйымға қарамастан қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегі­нен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге көлемінде ақшалай алым алуға ниеттенген. Офицердің заңсыз әрекеті жайында азаматтардың бірі арызданған. Күдікті құрықталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, қазір екі іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp