«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРАНЫ АЛҒАН ДА, БЕРГЕН ДЕ СОТТАЛДЫ

45 мың теңге көлемінде пара алған шенеунік мемлекетке 2,5 миллион теңге айыппұл төлемек. Петропавл қалалық соты жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Сағыноваға қатысты осындай үкім шығарды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сот үкіміне сәйкес бөлім басшысы алған пара сомасының 70 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеп қана қоймай, сонымен қатар барлық мүлкінен және өмір бойына мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан да айрылмақ.

Сонымен қатар, бөлім басшысына 45 мың теңгені берген “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” РМК облыстық филиалының Петропавл қалалық бөлімшесінің басшысы А.Поплавский де сотталды. Оған да бар мүлкін тәркілей отыра, берген пара сомасының 40 еселенген мөлшері, яғни 1,4 миллион теңге айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 6 наурызында қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы жерге қатысты мәселелерді жедел шешуде пара алды деген күдікпен ұсталып, 8 наурызда қамауға алынған болатын.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp