Облыстық ішкі істер департаментінде “Парасатты полицей” байқауы өтті. Офицерлер мен сержанттардың мемлекеттік тілді меңгеруі, шығармашылық қабілеттері, кәсіби біліктіліктері сынға түсетін сайысқа жедел уәкілдер, криминалистер, мамандандырылған күзет қызметінің полицейлері, айдауылшылар, штаб қызметкерлерінен құралған сегіз топ қатысты. Бұл байқауда ведомствоның 40-қа жуық қызметкері бақ сынады.
Үміткерлер байқауда топты таныстыру, үй тапсырмасы және “Нар тәуекел деп…” тапсырмаларын орындады. Сайыс барысында әр топ полиция қызметі туралы сұрақ дайындаса, қарсыластары жылдам әрі қызықты жауап беріп, мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетуі тиіс болды. Нәтижесінде үшінші орын мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлерінен құралған “Ақ сұңқар” тобына, ал екінші орын Петропавл қаласы ІІБ-ның «Қызылжар қырандарына» бұйырды. Бірінші орынды айдауылдау қызметі мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлерінен құралған “Жігіттер” тобы иеленді. Өзге ұлт өкілі қызметкерлері арасындағы аталымында ведомствоның техникалық қызмет басқармасының аға инспекторы Максим Шмонин жеңімпаз атанды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.