«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парақор инспектор

Пара алды деп айыпталған Мағжан Жұмабаев аудандық по­лиция бөлімі жергілікті по­ли­ция қызметінің учаскелік инс­пекторы жұмыстан шы­ға­рылды. Аталған шешім об­лыстық полиция департа­мен­тінде өткен тәртіптік комиссия отырысының қо­ры­тындысында қабылдан­ды.

Айыпталушы параны әкімші­лік құқық бұзушылық жасаған об­лыс орталығының тұрғынан ал­мақ болған. Заң бұзушылыққа көз жұмып, хаттама толтырмау үшін 150 000 теңге көлемінде ақша та­лап еткен. Парақор ақшаны алып жатқан кезде сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бю­росы департаменті қызметкерле­рінің қолына түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Тәр­тіптік комиссияның шешімімен ол заңға қайшы әрекет жасағаны үшін ішкі істер органдарындағы жұмысынан шығарылып, арнайы атағынан айырылды. Салдары­нан айыпталушының тікелей бас­шысы – аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары да қыз­метінен босатылды.

– Карантин кезеңінде әріптес­тері міндеттерін адал атқарып жүр­генде, жас офицер өзінің бұл әрекетімен қызметке кір келтірді. Көптеген адамдар бірнеше ай бойы жұмыссыз отыр және бұл факті халық арасында полиция туралы теріс пікір қалыптасты­руы мүмкін. Дәл осындай қатаң ұс­таным кез келген жемқорға қа­тысты қолданыла бермек. Әр қыз­меткерді бұйрықпен танысты­рып, жағдайды жариялап отыру керек, – деді облыстық полиция де­партаментінің бастығы, поли­ция полковнигі Марат Төлебаев.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp