«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІКТІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық басқармалардың бірінің басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы мердігерлік ұйым директорынан 2 млн 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілікті. Сол үшін олар іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюға келіскен.
Лауазымды тұлғалар Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің мән-жайы тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды. 

 

Сурет: https://www.zakon.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp