«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІКТІ

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру қызметінің бастығы пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өңірлік Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, «Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигінің пара алғанын анықтады», – делінген хабарламада. Ол жекеменшік компания директорынан мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою үшін 1 200 АҚШ доллары мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.

Дереккөз: kazinform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp