Үстіміздегі жылғы 5 қыркүйекте облыстық Қаржы полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде ЖК мен ЖШС арасында жасалған келісім бойынша жобалық-экологиялық құжаттама жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыға бөгетсіз қол қою үшін жеке кәсіпкерден 85000 теңге пара алды деген күдікпен Тайынша аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығын ұстады.
Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-бөлімі бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды.
7 қыркүйек күні соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Іс бойынша тергеу жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
СҚО бойынша ЭСҚКД-нің баспасөз қызметі