Кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталып, қамауға алынды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы жылдың 6 наурызында жедел іздестіру шаралары барысында ведомство қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше мәрте пара алды деген күдікпен Петропавл қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысын ұстады.
8 наурыз күні Петропавл қалалық соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолданып, әйел шенеунік қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
(Өз тілшіміз).