«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРА АЛҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік полициясының бірнеше қызметкеріне қатысты бопсалап, пара алу фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға үстіміздегі жылдың 6 шілдесінде орын алған. Облыс орталығындағы Букетов көшесі бойындағы жедел-іздестіру шаралары кезінде қызметтік көлікте отырып, көлік жүргізушісінен делдал арқылы 100 мың теңге көлемінде пара алған Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полициясы батальонының полицейлері ұсталды.

Тәртіп сақшыларының бірі мас күйде көлік жүргізген А. деген азаматтан әкімшілік хаттаманы толтырмауы үшін ақша сұраған.

Күдікті полицей уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Өзге екі тәртіп сақшысына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp