«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРТИЯ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Азамат ШӘРІПОВ,

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт бойынша бас маманы, “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” аудандық
жастар қанатының атқарушы хатшысы.

Булаеводағы №2 мектептің жанындағы алаңда “Нұр Отан” ХДП кубогы үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары қызметкерлерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 6 команда қатысты.
Қызу ойынның нәтижесінде 3-орын үшін ішкі істер бөлімі және Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия командасы кездесті. Ойын өте тартымды өтіп, мектеп-гимназия командасы 1:0 есебімен 3-орынды олжалады.
Ақтық ойында орталық аудандық аурухана командасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті аудандық бөлімінің және “Вести” ЖШС-нің құрама командасы кездесті. Соңғысының асығы алшысынан түсіп, 2:0 есебімен таза жеңіске жетті. 2-орынға орталық аудандық аурухана ұжымы ие болды.
Жеңімпаз атанған “Вести” ЖШС және ҰҚКД аудандық бөлімінің құрама командасына кубок, ақшалай сыйлық табыс етілді. Аудандық аурухана және Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясының командаларына да дипломдар мен ақшалай сыйлық берілді.
Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp