«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

Астанада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары жалғаса беретінін айтты.

«Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын. Мемлекет сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын», – деді сыйлық иегерлерін құттықтаған Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Парыз» сыйлығы – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап,халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі еңбексіңірген кәсіп иелеріне берілетін жоғары марапат. Биылғы «Парыз» сыйлығының бас жүлдесі Ақжар ауданының «Ақ-Ниет-Агро» серіктестігіне табысталды. Ұжымды айрандай ұйытып, өңірдің аграрлық саласының дамуына үлес қосып келе жатқан серіктестік директоры Ғиззат Шапеновтың еңбегі ерен.

Сонымен қатар «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясында шағын және орта бизнес субъектілері арасында Мамлют ауданының «Қос Ағаш» серіктестігі екінші орынды иеленді. Кәсіпорын жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы тиімді әлеуметтік әріптестіктің соны үлгісін көрсетіп келеді.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp