«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ПАРЫЗ-2015” БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

“Парыз” республикалық байқауы – Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерімен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын құру және ілгері бастыру, олардың ең үздік тәжірибелерін өндіріске енгізу үшін құрылған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайын өтетін байқау.

Байқауды өткізудің мақсаты жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге өз еңбеккерлері үшін де, қоғам үшін де ынталандыру, сол сияқты осы саладағы оң тәжірибесін көрсету және оны кеңінен тарату болып табылады.

Жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері қатыса алатын бұл байқау Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі. Байқауға қатысу – тегін.

Байқауға қатысуға үш жылдан кем емес қызмет етіп келе жатқан, тарату алдында тұрмаған және банкрот болып танылмаған, еңбеккерлерімен ұжымдық-еңбек даулары, сол сияқты жойылмаған еңбек заңнамасын бұзушылықтары, соның ішінде еңбекақы мен басқа төлемдер бойынша берешектері жоқ кәсіпорындар жіберіледі. Сонымен бірге, үміткерлердің жүргізетін әлеуметтік және қайырымдылық іс-әрекеттері саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауы керек.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттар енетін материалдар береді:

1) толтырылған өтініш;

2) корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша оның қызметі мен нақтылы нәтижелерінің өзіндік бағалау деңгейін көрсететін үміткердің есебі. Үміткердің есебіне заңды немесе жеке тұлғаның тарихы, ұйымдық құрылымы, сол сияқты басқа қосымша ақпараттар енгізілуі тиіс;

3) есепке қосымшалар (ұжымдық шарттың көшірмесі және басқа құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама.

Байқаудың лауреаттары атағы мына аталымдар бойынша беріледі:

1) “Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын”.

Бұл аталымда өз еңбеккерлерін қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және бүтіндей қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын үміткерлердің қызметтері қаралады;

2) “Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын”.

Бұл аталымда еңбек үдерісінде еңбеккерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайын жасайтын үміткерлердің қызметтері қаралады;

3) “Үздік ұжымдық шарт”.

Бұл аталымда Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған еңбеккерлердің еңбек пен әлеуметтік құқықтарын айтарлықтай жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

4) “Экологияға үлесі үшін”.

Бұл аталымда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғат қорғау (экологиялық) бағдарламаларды жүзеге асыруда айтарлықтай көзге түскен үміткерлердің қызметтері қаралады.

Байқаудың жоғары наградасы – Гран при жұмысында және корпоративтік әлеуметтік пен экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруда неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Байқау лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айырым белгісі (мүсінше) тапсырылады.

Байқаудың лауреаттарын марапаттау шарасы жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен салтанатты жағдайда Астана қаласында өтеді.

Байқау лауреаттары бұл атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы жарнамалық мақсаттарда байқау эмблемаларын пайдалану құқын алады. Белгілі бір аталымда осы атақты алған соң екі жыл бойы байқау лауреаты атағын алуға, оны қайта ұсынуға жол берілмейді.

Байқауға қатысу жөнінде неғұрлым толық ақпараттарды мына телефондар бойынша алуға болады: 8(7152) 46-37-43, 8(7152) 46-77-59.

Лариса ШЕРЕМЕТЬЕВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының еңбек нарығына талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp