Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Вознесения Господня” шіркеуінде болып, мерекелік мінәжат қарсаңында бүкіл православие христиандарын басты мейрамдарымен құттықтады.
– Нұрлы да зор мереке – Пасха құтты болсын! Сан ғасырдан бері ең жоғары құндылықтарды паш етіп келе жатқан осы бір тамаша мереке адамдардың жүректерін ерекше шаттыққа бөлейді, – деді Ерік Хамзаұлы.
Ол өзінің құттықтау лебізінде бүгінгі таңда елімізде татулық пен келісім, бүкіл этнос пен дін өкілдерінің теңдігі салтанат құрып келе жатқанын атап көрсетті. Және де мұнда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі ересен, деді.
– Қазақстандықтардың Құрбан айт, Пасха және Рождество тәрізді теңдессіз мерекелерді бірге атап өтуі тектен-тек емес. Еліміз әртүрлі діни конфессиялар арасындағы достық диалогты қызу қолдайды, – деді өңір басшысы.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезі биылғы маусымда Қазақстанның нақ өзінде өткізілетінін атап көрсеткен абзал.
– Нұрлы мереке – Пасха әрбір үйді жақсылық пен амандыққа және бақытқа бөлей берсін! – деген тілек білдірді Ерік Сұлтанов.
(Өз тілшіміз).