Облыста “Еркін елдің ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті. Шараға колледж ұстаздары мен қызметкерлері, студенттер қатысты.
Жалпыұлттық патриоттық диктантты жазудың басты мақсаты – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің жетістіктерін дәріптеу, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биылғы диктантқа 1500 студент пен 300 педагог қатысуға ниет білдірді.
– Диктант – сауатты жазу дағдыларын қалыптастыратын маңызды сын. Бұл шараға қатысқан әрбір студент өзінің қаншалықты сауатты екенін біле алады. Сондықтан болар жалпыұлттық шара жоғары маңызға ие, – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.
Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltüstık Qazaqstan”.