«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕНДЕМІН

Пендемін, періште емеспін,

Бес күндік ғұмырмен шектелген.

Ұнатқан, жылатқан, жек көрген,

Алдамшы армандар, өткінші күлкілер – бетпердем.

 

Алланың ілімін азырақ ескерген,

Шайтанның бүлігін қош көрген.

Ақылдан жеңіліп, сезімге серт берген

Пендемін.

Табанын тайдырған тұғырға талпынып,

Бір бақыт іздеген таусылып, шарқ ұрып.

Сағынған сарқылып,

…жарты бақ, жарты үміт, бар күдік…

Пендемін жаралған бір түйір тамшыдан,

Күлкім бар, мұңым бар, бар шыдам.

Кәдімгі күнәһар өмірін,

Күнәсіз пейілмен аршыған.

Пендемін бес күндік ғұмырмен,

Мәңгілік сапарға барамын.

Көз – үміт, сана – мұң.

Қара жер, сіңемін, қаламын,

Пендемін, періште емеспін,

Әзірге бес күндік елеспін,

Содан соң төмпешік қанамын.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

республикалық

жыр мүшәйраларының жеңімпазы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp