«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕСТИЦИДТЕН ҚЫРЫЛДЫ

Осыдан үш апта бұрын Жамбыл ауданындағы Богдановка ауылының жанындағы Толыбай көлінде мөңке балығы жаппай қырылған болатын. Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебі анықталды.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Ильдар Кәкімовтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін мамандар қажетті сараптамалар жүргізген. Әр жерден су сынамалары алынып, балықтар зертханаларға жөнелтілген. Талдау нәтижесінде балықтардың қырылуына пестицидтер себеп болғаны анықталған. Енді химиялық заттардың суға қандай жағдайда түскенін құқық қорғау органдары тексеретін болады.
– Суда пестицидтер мен тұзды элементтердің мөлшері үш есе артқан. Салдарынан мамандар жағаға қалқып шыққан 185 килограмм мөңке балығын жойды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың көлемі 200 мың теңгені құрады. Материалдар облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына жіберілді, – деді Ильдар Кәкімов.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp