«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА АВТОБУС СОҒЫЛЫП ҚАЛДЫ

Жол көлік оқиғасы Шәжімбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

5М бағытында жолаушы тасымалдайтын автобус шетелдік маркалы көлікпен соқтығысып қалған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, 2 жүргізуші де спирттік ішімдік тұтынбаған.

-Оқиғаға қатысты материалдар жинастырылуда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, Петропавл қалалық мамандандырылған Сотына жолданады, дейді полицейлер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp