«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда 45 жастағы әйел бесінші қабаттан құлады

Петропавлда 45 жастағы әйел тұрғын үйдің бесінші қабатының терезесінен құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 19 мамыр күні сағат 12.20 шамасында болған.

Петропавлдағы Интернационал көшесі, 41 үйдің бесінші қабатының терезесінен осы үйдің 1976 жылғы тұрғыны құлады.

Әйел бірінші қабаттағы кеңселердің бірінің маңдайшасына түскен. Зардап шегуші бірден облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазір полицейлер осы оқиғаның анық-қанығын біліп жатыр.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел тірі, бірақ жағдайы ауыр. Омыртқасы, кеуде сүйегі сынған.

Нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылып, ота жасалды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp