«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавл аулаларында заңсыз қоршаулар алынып жатыр

Петропавлда аулалардағы заңсыз қойылған қоршаулар мен шлагбаумдар алынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар басшысы Болат Жұмабеков аулалардағы заңсыз орнатылған қоршауларды, жолды бөгеген темірбетон блоктар мен шлагбаумдарды алуға тапсырма берді.

«Төтенше жағдайлар басқармасы мен Петропавл қалалық әкімдігі қызметкерлері бірлесе аулалардағы заңсыз қойылған, кіруді шектеген блоктар мен шлагбаумдарды алып жатыр. Қоршауларды тұрғындардың өздері орнатады. Олардың ойынша, бұл ауладағы қозғалысты шектеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Алайда, тосқауылдарды орнату жедел жәрдем, өрт сөндіру және тағы басқа шұғыл қызмет машиналарының өтуіне кедергі келтіреді, – дейді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Әсет Шайкин.

Бірер күннің ішінде Петропавлдағы аулалардан 4 темірбетон блогы және 7 темір қоршау бөлшектеліп, алынды.

Еске салсақ, Петропавлда жақында көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш балкон жанып кеткен еді.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, олар көпке дейін аулада тұрған көліктер мен жолды бөгеген темірбетон блоктардан өрт орнына жете алмаған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp