Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының 130-шы маусымы «Жұт» деп аталған қойылыммен жабылды.
20-шы ғасырдың басында қазақ халқы бастан кешкен зұлматтардың бірі аштық болатын. Әр түрлі деректер бойынша, сол кездегі солақай саясаттың салдарынан халықтың жартысына жуығы аштан қырылған. Облыстық орыс театрының биылғы маусымдағы соңғы қойылымы да осы тақырыпқа арналды.