«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЙЫЗДАҒЫ МАС ЖОЛАУШЫ

Булаево станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Есілкөл-Петропавл бағытындағы электр пойызынан мас жолаушыны ұстады.

Облыстың 53 жастағы тұрғыны балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзған, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына қарсылық көрсеткен. Құқық бұзушыға қатысты алкогольді ішімдік ішкені, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp