22 желтоқсан күні полиция старшинасы Руслан Қыдырмин кіші сержант Елдар Жамаладиновпен автопатруль құрамында қызмет атқарып жүрген кезде ІІД-нің Жедел басқару орталығынан радиобайланыс арқылы Жеңіс бағы маңында Есіл өзеніне ер адамның батып бара жатқаны туралы жедел хабар келіп жетті.
Оқиға орнына жол-патруль полициясының тағы бір экипажы, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері мен дәрігерлер де келіп үлгерді. Бәрі күш жұмсай отырып, үсті-басы су болған, есінен танып қалған ер адамды Есіл өзенінің тік жарқабағына көтеріп шығарды да, №3 ауруханаға жөнелтті.
28 жастағы Владимир Абишев Заречный кентінен қалаға қайтып келе жатып, жол қысқарту мақсатында өзеннің мұзы арқылы өтпек болғаны кейін анықталды. Алайда, қарсы жаққа 10 метрдей қалғанда мұз ойылып кеткен. Жанталасып жүріп, әлі су бола қоймаған ол ұялы телефонымен жолдасына, ал жолдасы полицияға хабар берген.
Бір күннен кейін жұмысына шыққан Владимир Абишев полиция қызметкерлерінің жедел қимылына дән риза. Ол алдағы уақытта сақтанып жүретіндігіне жұртты сендіріп отыр…
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.