«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПКЕ КӨШТІ

Облыс полицейлері бір күннің ішінде ішімдік ішкен 89 өңір тұрғынын жауапкершілікке тартты. Мереке күндері құқық қорғау қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы режимі аясында жұмыс істейді.

Тәртіп сақшылары жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде аулалар мен пәтерлерді аралады. Операцияның алғашқы күні облысымызда есепте тұрған тұлғалар тарапынан бекітілген шектеуліктердің алты бұзушылығы анықталды, оның 5-ін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар жасаған. Іс-шаралардың басты бағыты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үйлерді аралау нәтижесінде тұрмысы төмен он жеті отбасы анықталды. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған — жиырма, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін 33 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, облыс орталығы мен елді мекендерде, әсіресе көңіл-көтеру орындарында бақылау күшейтілді. Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығындағы мұз қалашығына нұқсан келтірген 29 жастағы қала тұрғыны тәртіпке шақырылды. Жауапкершілікке тартылған азаматтың мас болғаны анықталды. Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бабы бойынша хаттама толтырды. Енді ол айыппұл төлейді.
– Іс-шараның алғашқы тәулігінде облыста 89 адам жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде он бес тәртіп бұзушылық Петропавл қаласында орын алды, — дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау. Көп жағдайда тәртіп бұзуға алкоголь себеп болады. Сондықтан полицейлер ойын-сауық және алкогольдік өнімдерді саудалайтын сауда орындарына ерекше назар аударуда. Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында масаң күйде көлік тізгіндеген он жүргізуші ұсталды. Бұл шара желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp