«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦЕЙЛЕР ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Меркушиндер отбасында болып, мектеп жасындағы екі бүлдіршінге сөмкелер мен кеңсе тауарларын сыйға тартты. Сондай-ақ, екі қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға мектеп формасын сатып алуға ақшалай көмек көрсетті.

Жаңа оқу жылының басталуын тағатсыздана күтіп жүрген 7 жасар Валерия Меркушина ведомство бастығының сыйлығын қуанышпен қабыл алды. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршін: “Мен мектепке баруды асыға күтіп жүрмін. Бүгіннен бастап қалам-қарындаштарым мен дәптерлерімді жинастырып қоямын. Мектепте кілең беске оқимын деп сөз беремін”, – деді қуанышын жасыра алмай.  

Ведомство бастығы аудандық бөліністердің басшыларына да аталмыш акцияға қатысып, мектеп жасындағы балалары тәрбиеленіп жатқан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды.

Бүгінгі күні полицейлер мен ұстаздар алдын алу жұмыстарын бірлесіп жүргізуде. Басты мақсат – 1 қыркүйек күні мектеп жасындағы әрбір баланы партаға отырғызу.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp