«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦИЯ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

“Жұмыспен қамту” республикалық акциясы аясында облыстық полиция департаментінің жылдам әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері “Жас Арлан” әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерімен кездесті. Полицейлер балаларға өз кәсіптері туралы әңгімелеп, оларға қару, арнайы құралдар мен қылмыскерлерді ұстау тәсілдерін көрсетті.

“Динамо” стадионына келген балғындардың назарына қызықты бағдарлама ұсынылды. Оларды түрлі қарумен жасалатын қоян-қолтық ұрыс, қылмыскерлерді ұстау көрінісі қызықтырды. Сондай-ақ, жасөспірімдер спорт залы, оқу сыныбы, полицейлердің спорттағы жетістіктері, оқу-жаттығу және кезекшілік орнын тамашалады. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл экскурсия балалардың бойында полицей болу арманын оятуға ықпал етпек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp