«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Базар аралап, жеңіл жолмен оңай олжаға кенелуден тайынбайтын ұрылар мен алаяқтарды тұзаққа түсіруде полиция пункттерінің жұмысы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жұмысшы кентіндегі “Петропавл – Алматы” базарында жаңадан ашылған пункт те шағынаудандағы құқық бұзушыларға тосқауыл болмақ.

Пункттің ашылу салтанатына қатысқан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов алдағы уақытта бұл базардың бейнебақылау жүйесін кеңейтіп, жедел бақылау орталығына қосу шараларын қолға алу қажеттігін айтты. Бүгінде базардың бейнебақылау пультіне осы аумақтағы 20 камера қосылған. Мұндай полиция пункттері “Алтын адал”, “Алатау” базарларында да жұмыс істеуде.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp