«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОРТРЕТШІ БОЙЖЕТКЕН

Петропавл қаласының тұрғыны Салтанат Самаеваны облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткен көрмелердің бірінде жолықтырдық. Жас суретші өнер колледжінің соңғы курсында оқиды екен. Ол көрмеге әртүрлі жанрдағы картиналарын ұсынған. Әсіресе, оның қылқаламынан туған портрет жанрындағы суреттері көңілден шығады.

Салтанат Самаева суретшілерден Исаак Левитанды, Архип Куинджиді, Дмитрий Налбандянды үлгі тұтып, қылқалам иелерінің шығармашылығынан өзіне шабыт алатынын жасырмады.

Фотография өнері пайда болғанда бірталай ғұламалар техника сурет өнерін ығыстырады деп пайымдады. Салтанат Серікқызы бұл пікірмен үзілді-кесілді келіспейтіндер қатарында. Тіпті, керісінше, сурет пен фотоөнерді бір арнаға тоғыстыра білу үлкен өнер деп санайды. Сол себепті де оның салған портреттеріне қарап, фотосуреттен айырмасын анықтау қиынға соғады.

Салтанат қолы қалт етсе болды, фотосуреттерді түсірумен айналысады. Ол бұл өнерді кәсіби түрде меңгеріп: “Портрет салудың шебері болсам”, – дейді.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp