«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОТАНИН КӨШЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Петропавл қаласының Потанин көшесі аспан астындағы мұражайға айналмақ. Бұл туралы облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов хабарлады.
– Петропавл қаласы Ойқала шағынауданынан бастау алатыны белгілі. Шаһардың ең көне ғимараттары негізінен осы шағынауданда шоғырланған. Көше бойында осыдан 150 жыл бұрын салынған кейбір жер үйлер мен нысандар бар. Үстіміздегі жылы тарихи құндылықтарды сақтау мақсатында бұл ескі көшені жандандыру жұмыстарын қолға алатын боламыз. Нәтижесінде бұл көше аспан астындағы мұражайға айналады, – деді Құмар Іргебайұлы.
Потанин көшесіндегі ескі жер үйлер тарихи стилде жасалған қоршаулармен қоршалып, кіші сәулет формаларын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, үйлер арасындағы бос орындар абаттандырылып, көздің жауын алатын шағын саяжолдардың бірыңғай жүйесі жасалмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp