
Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін Мемлекет басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады.
«Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
www.inform.kz