«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: БИІК РУХ, ЕРЕН ЕҢБЕК, МЫЗҒЫМАС БІРЛІК!

СЕНІМ – ТАБЫС КЕПІЛІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүріп өткен жолымызға сараптама жасап, кемшін тұстарымызды ашық айтып, дамуымызға даңғыл жол салатын бағыттарды айқындап берді. Өткен 25 жылдың ішінде еліміз ауыр сынақтардан өтті. Әсіресе, су, жарық, жылу, зейнетақы болмай, бір сәтте бүкіл кәсіпорындар тоқтаған 1990 жылы өмір сүрудің амалын табу керек болатын. Тарыдай шашылып қалған елді қайтадан жинап, есеңгіреп қалған халықтың ертеңге деген сенімін нығайту керек еді. Мұның барлығын есте сақтауымыз керек. Қазіргі таңда сол қиын-қыстау кезеңді еске түсіретін ештеңе жоқ. Ал жас ұрпақ ол туралы мүлдем білмейді. Бүгіннің қадірін білу үшін өткен күнімізді, жүрген жолымызды оларға айтып отыру керек.

Бүгінгі таңда ел Президенті ауыл шаруашылығының барлық мүмкіндігін қолдануды талап етіп отыр. Ал ауыл шаруашылығы саласының мүмкіндігі зор. Мәселен, үстіміздегі жылы Қызылжар ауданындағы “Якорь СК” ЖШС әр гектардан 30-32 центнер өнім алды. Сондай-ақ, гектарынан 10-12 центнер өнім алған шаруа қожалықтары да бар. Осыдан-ақ мол өнім алу мүмкіндігі зор екенін аңғаруға болады. Бірақ сол мүмкіндікті пайдалана алмай отырмыз. Бір миллионға жуық гектар жері бар ірі шаруа қожалықтары да жоғары өнімділігімен мақтана алмайды. Қазіргі таңда осы мәселелерді шешуге ғалымдарды тарту керек. Себебі, үш жылдан бері сапалы тұқымға зәруміз. Біз қазір сапалы тұқым алмасақ, күні ертең тығырыққа тірелеміз. Осы орайда бір жайт есіме түсіп отыр. Елбасы біздің жаққа келген кезде маған: “Геннадий, сүттің өнімділігін 5 мың литрге жеткіз. Кешен сал”, – деді. Осы сөз қамшы болып, сүт өндіру кешенінің жұмысына жаңа технологиялар енгізіп, бір сиырдан жылына 5 мың литр сүт алатын нәтижеге қол жеткіздік. Сол кезде Қазақстанда сондай кешендер тек екеу ғана еді. Қазір олар еліміздің әр өңірінде бар.  

Президентіміздің сындарлы саясатының, жиналған алтын және валюта қорының арқасында бізді болашақта жаманшылық күтіп тұрған жоқ деп ойлаймын. Біз бірлесе еңбек етсек, әлемді жайлаған дағдарыстың қыспағын да, сын-қатерлерді де жеңіп шығатынымызға сенімдімін.

Геннадий ЗЕНЧЕНКО,

“Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның

Еңбек Ері.

 

 

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

Елбасы Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келетінін есімізге салып, бүгінгі жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуге, “Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін” деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге шақырды. Иә, өткенді сараламай, болашаққа жоспар құра алмайтынымыз белгілі жайт. Олай дейтін себебім, кешегі тоқырау жылдарындағы көрген күнімізді ұмыту мүмкін емес. Қашаннан сабырлы, саналы ойға берік, даналы сөзге тоқтайтын халқымыз талай қиыншылықты Елбасының бастауымен бірге өткеріп, жеңіп шықты.

Елбасы маңызды құжатта әлеуметтік мәселелерге барынша мән берді. Мемлекет басшысының осы салаларға қатысты мұқтаж топтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін өсірілімдер жүйесіне және жаңа еңбек ресурстарын ашу мәселесіне қатысты тиімді ұсыныстары тікелей халыққа бағытталған. Қарапайым адамдардың өмірде өз орындарын тауып, тегін кәсіби білім алып, өзі және қоғам игілігі үшін еңбек етіп жатқаны – мемлекет қамқорлығының жемісі.

Үздік отыз елдің санатына қосылу мақсатына тек ауызбіршіліктің, жасампаз еңбек пен қазақстандық патриотизмнің арқасында қол жеткізуге болады деп нық айта аламыз.

Құдайберген ҚАЛИЕВ,

еңбек ардагері.

 

 

ҚИЫНДЫҚТЫ БІРЛЕСІП ЖЕҢЕМІЗ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму” Жолдауында әлемдік қаржы нарығында қалыптасқан ахуалға кеңінен тоқталды, дағдарыс бізді де айналып өткен жоқ. Алайда, елімізде экономиканы тұрақтандыру бағытында қабылданған және қабылданатын шаралар Қазақстандағы ахуалды біршама тұрақтандыруға мүмкіндік береді. “Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға алып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі”, – деп атап көрсетті Елбасы.

Еліміздің аграрлық секторында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу өсуде, осызаманғы техникалар мен қондырғылар сатып алынуда, мал шаруашылығы инновациялық жолға көшірілуде. Біз мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болудамыз, бұл ісімізді алға бастыруға қосымша мүмкіндіктер тудырады. Оның айқын мысалын өзім жетекшілік ететін кәсіпорынның жұмысынан көруге болады. Біз көп жылдан бері “Аз шығынмен барынша көп ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру” қағидасымен жұмыс істеп келеміз. Үстіміздегі жылы диқандарымыз гектар берекелігін 20 центнерге жеткізді. Ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы дамытылуда. Биыл кәсіпорындағы әр сауын сиырдан сегіз мың литр сүт саууға қол жеткізбекпіз. Ол үшін құнарлы жемазық қажет екендігі түсінікті. Оны басқа жақтан сатып алу тиімсіз. Сондықтан құнарлығы жоғары жемшөпті өзімізде өсіруді қолға алдық.

Жуырда біздің тәжірибемізді үйрену үшін Ресейдің бір үлкен кәсіпорнының директоры мамандарын ертіп келді. Ресейлік әріптесімнің айтуынша, олар кәсіпорын шығындарын жабу жолдарын табуда тығырыққа тіреліпті. Олар өнімнің өзіндік құнын төмендету жолындағы біздің тәжірибемізден тағылым алып кетті. Кәсіпорнымыздың екі ауылында қазір жаңа технологиямен салынған екі қазандық барлық өндіріс орындарын, мәдени-тұрмыстық нысандарды, үйлерді жылумен қамтамасыз етіп тұр. Бұрындары қысқы маусымда үш мың тоннадан астам көмір жағатынбыз. Қазір оның орнына экологиялық таза отын пайдаланамыз.

Үстіміздегі жылы кәсіпорын еті экспортқа бағытталған үш мың бас қара мал бордақылауға арналған алаңшаны, өнімділігі тәулігіне 2500 тонна астық кептіру-тазалау кешенін, Ясная Поляна және Зеленый Гай ауылдарында спорт және демалыс кешендерін пайдалануға берді.

Біздің міндетіміз Президент Жолдауында алға қойылған міндеттерге іспен жауап беру болып табылады. Әрқайсымыз барынша тиімді жұмыс істейтін болсақ, онда алда кездесетін қиындықтарды бірлесіп жеңеріміз сөзсіз.

Анатолий РАФАЛЬСКИЙ,

“Тайынша-Астық” ЖШС-нің бас директоры.

 

 

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Нарықта 20 жыл тарихы бар “Радуга” кәсіпорны – көпбейінді компания. Ол өзінің “Добрая рать” деген бренд тауарларымен белгілі. Біз өндірісті азық-түлік және шаруашылық тауарларын өндірумен бастадық. Жыл басында мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 70 миллион теңге инвестиция тартып, жаңа өндіріс орнын іске қостық. Жақында, дәлірек айтсақ, 11 желтоқсан күні азық-түлікке арналған тағы бір желі іске қосылады. Жаңа өндіріс орны 30 адамды жұмыспен қамтиды.

Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын ұжым болып тыңдап, ой-санамыздан өткіздік. Президент алдағы жылдың оңай болмайтынын ашық айтып отыр. Жолдауда ел экономикасы мен қаржылық жағдайын сақтап қалу үшін неге басымдық берілетіндігі, қандай бағытты ұстанатынымыз көрсетіледі. Елбасы әр адамды белсенді іс-қимылға шақырды.

Алдағы уақытта біздің кәсіпорын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы өндірісін кеңейтпек.

Біздің кәсіпорында 1500 адам еңбек етеді. Яғни, осынша адамның ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтпауымыз керек. Сондықтан еңбеккерлерімізді жұмыссыз қалдырмау үшін кәсіпорын әкімшілігіне бизнестің жаңа жолдарын ұйымдастыру міндеті жүктеледі.

Дмитрий ШАРАПАЕВ,

“Радуга” ЖШС-нің

 бас директоры.

 

 

МАҚСАТЫМЫЗ – ӨСУ

Президент өзінің Жолдауында Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіншіліктерінің шеңберінде ел экономикасына өңдеуші өнеркәсіптің, соның ішінде машина жасаудың үлесін ұлғайтуға айрықша назар аударды.

Облысымызда машина жасау іргелі салалардың бірі болып табылады, үдемелі дамып келеді және де облыс өнеркәсібінің жалпы көлемінің 20 пайыздан астамын иеленіп отыр. Кәсіпорынның өнімдері мұнай-газ, темір жол және энергетика кешендеріне арналады.

Үстіміздегі жылы кәсіпорын өндірген жалпы өнім көлемі 3,4 миллиард теңгені құрады.

Қазіргі уақытта біздің кәсіпорында бір мыңнан аса адам жұмыс істеп, айына орташа 103 мың теңге еңбекақы алады. Біз жоғары техникалық және зияткерлік әлеуетті қалыптастырдық. Бұл істе зауыттықтардың жас легіне өздерінің тәжірибелері мен біліктіліктерін дарытып жүрген сала ардагерлері мен тәлімгерлердің үлесі зор.

Белгіленген стратегиялық міндеттердің ойдағыдай орындалуы біздің әрқайсымыздың адал еңбек етуімізге байланысты.

Қуаныш БИШІМОВ,

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ның

 бас директоры. 

 

 

ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Елбасының Жолдауы дағдарысқа қарсы бағдарлама, іс-әрекет жоспары болып табылады.

Президент өз Жолдауында дағдарысқа қарсы шаралардың 5 бағытын айқындап берді. Бірінші орында қаржы саласын тұрақтандыру тұр. Қаржы секторы экономиканың күретамыры болғандықтан, бұл түсінікті де. Негізгі бағыттарды жүзеге асыру қаржы саласының жұмысына тікелей байланысты. Теңгенің еркін бағамы жағдайында қаржы секторының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету – ең маңызды міндет. Мемлекет басшысы Жолдауында Ұлттық банк жұмыс істемейтін несиелер бойынша банк секторының барлық субъектілеріне стресстестілеу жүргізуі қажеттігін атап көрсетті. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен “кетуі” тиіс.

Бүгінгі таңда Ұлттық банктің алдында “долларсыздандыру” құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға және банк жүйесіне деген сенімді нығайту міндеті тұр. Бұл ретте тұрғындар қаржысын теңгемен сақтауы үшін алдымен экономикалық ынталандыру болуы қажет. Осы бағыттағы ең басты жұмыс – ақпараттық саясат. Біз теңге бағамына, инфляцияға әсер ететін факторлардың барлығын жұртшылыққа ашық түсіндіре білуіміз керек.

Жаңа Жолдауда Елбасы алдымызға зор міндеттер қойып отыр. Жергілікті атқарушы органдармен, қаржылық сектормен және бизнеспен бірге жұмыс атқара отырып, барлық қиыншылықтарды еңсеретіндігімізге сенімдімін.

Жомарт ҚАЖЫРАҚЫМОВ,

 Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры.

 

 

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Нарықта 20 жыл тарихы бар “Радуга” кәсіпорны – көпбейінді компания. Ол өзінің “Добрая рать” деген бренд тауарларымен белгілі. Біз өндірісті азық-түлік және шаруашылық тауарларын өндірумен бастадық. Жыл басында мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 70 миллион теңге инвестиция тартып, жаңа өндіріс орнын іске қостық. Жақында, дәлірек айтсақ, 11 желтоқсан күні азық-түлікке арналған тағы бір желі іске қосылады. Жаңа өндіріс орны 30 адамды жұмыспен қамтиды.

Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын ұжым болып тыңдап, ой-санамыздан өткіздік. Президент алдағы жылдың оңай болмайтынын ашық айтып отыр. Жолдауда ел экономикасы мен қаржылық жағдайын сақтап қалу үшін неге басымдық берілетіндігі, қандай бағытты ұстанатынымыз көрсетіледі. Елбасы әр адамды белсенді іс-қимылға шақырды.

Алдағы уақытта біздің кәсіпорын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы өндірісін кеңейтпек.

Біздің кәсіпорында 1500 адам еңбек етеді. Яғни, осынша адамның ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтпауымыз керек. Сондықтан еңбеккерлерімізді жұмыссыз қалдырмау үшін кәсіпорын әкімшілігіне бизнестің жаңа жолдарын ұйымдастыру міндеті жүктеледі.

Дмитрий ШАРАПАЕВ,

“Радуга” ЖШС-нің

бас директоры.

 

 

КӘСІПТІК БІЛІМ КӨКЖИЕГІ

Елбасымыз жаңа Жолдауында кәсіптік және техникалық білім беру мен елдің инвестициялық тартымды факторы ретінде адам капиталының дамуына ерекше басымдық берді. Ал 2017 жылдан бастап жаппай тегін кәсіби-техникалық білім беру жаңа әлеуметтік саясатпен тығыз байланысты болмақ. Бұл – жастарды әлеуметтік қолдаудың нақты көрінісі.

Бүгінде облыс колледждерінде 75 мамандық пен 107 біліктілікті арттыру бойынша 12 мың студент білім алуда. Жыл сайын колледж түлектерінің 75 пайызы жұмыспен қамтылады.

Мемлекеттің қамқорлығының арқасында соңғы жылдары колледждердің материалдық-техникалық базасы нығайды. Екі білім ошағында өндірістің бүгінгі заманауи шартына толық жауап беретін технологиялық-оқыту орталықтары ашылды. Соның арқасында біз кадрлардың біліктілігін арттыру және әлеуметтік әріптестеріміз үшін жоғары деңгейде кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік алдық.

Бізде “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру мен дайындау және қайта даярлауда үлкен тәжірибе қалыптасты. Осы орайда Президентіміз Жолдауда бұл бағдарлама әрі қарай жалғасын табатынын айтты. Сондықтан біз жаңа күш-жігермен бұл жұмысқа белсене кірісуге дайынбыз.

Біздің алдымызда жауапкершілігі зор, ауқымды міндеттер тұр. Елбасымыздың тапсырмаларының орындалуы біздерге байланысты.

Юрий ДАНИЛОВ,

Солтүстік Қазақстан

кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының орынбасары. 

 

 

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ

Елімізді ғана емес, әлем мемлекеттерін оттай шарпыған дағдарыстың қиындығына қарамай, мемлекетіміз кәсіпкерлікке қол ұшын беруде. Кәсіпкерлердің өз істерін дөңгелетулеріне жағдай жасап отырған мемлекеттік бағдарламалардың әлеуеті күн сайын артуда. “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп отырғандардың бірі – өңіріміздегі ірі компания саналатын біздің кәсіпорнымыз.

Елбасы: “Ел экономикасының өсуі үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор”, – деді. Бұл үшін ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті кеңейтуді орындауға тиіспіз.

Біз жергілікті кәсіпорынның өкілі ретінде нарықтағы ұстанымымызды сақтап қалуға дайынбыз. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге басымдық береміз.

Елбасы дағдарысқа қарсы стратегияның үш негізгі постулаты – өсу, реформа және даму екенін атап көрсетті. Біздің баршамыз Елбасы жүктеген тапсырмалардың нақты орындалуына атсалысуымыз қажет.

Андрей ИСАКОВ,

“Таткрафт-Инвест” ЖШС-нің бас директоры.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp