«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

«Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процесін ұйымдастыру ісімен танысады. Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық өндіріс орындарын аралап көріп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған.
Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook»-тегі парақшасында.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp