
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде апаттар орын алған жағдайда өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильиннің басшылығымен 31 қазан мен 1 қараша аралығында Петропавл қаласында «Протон» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Оқу-жаттығу барысында Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің және апаттық-құтқару құралымдарының іс-қимылдары пысықталып, тәжірибелік іс-шаралар өткізілді. Зымырантасымалдағыштардың құлауы және «Гептил» улы отынының төгілуіне байланысты туындаған төтенше жағдайларды жою, халықты құлақтандыру және эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсету мәселелері іс жүзінде пысықталды.
Аудан орталықтарында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтіп, онда мал-жанды оқыс оқиғадан құтқару, төтенше жағдай салдарын жою мәселелері қаралды.