«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРОФЕССОР ӨТКІЗГЕН СЕМИНАР

Талшық орта мектебінде Ақжар және Уәлиханов аудандары педагогтерінің басын қосқан семинар өтті.


Оған көршілес екі ауданнан 164 ұстаз қатысып, білім саласындағы жаңашылдықтармен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының консультанты, “Оқыту технопаркі: білім сапасын басқару, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту” жобасының жетекшісі, профессор Ф.Вассерманның бастамасымен ұйымдастырылған семинар барысында білім беру мекемелерінің басшылары мен мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, әдіскерлерге дәріс оқылды. Мұғалімдер Талшық орта мектебінің 6-сынып оқушыларымен өткізілген шеберлік сабақтарына қатысып, инновациялық технологияларды тәжірибеде қолданудың құпиясын меңгерді. Биоақпараттану және синергетика технологиясын пайдалана отырып, білім сапасын арттыруға арналған шеберлік сабақтары аудан мұғалімдерінің көңілінен шықты. Шара барысында оған қатысушылар әрбір сабақты өзектілендіру әрі оны дәстүрлі емес түрде өткізудің қажеті жоқ екендігіне көз жеткізді. Бірақ әр сабақ баланы тәрбиелей отырып, сапалы білім беруге міндетті. Мұғалім қандай оқыту әдістерін таңдаса да, осы қағидаларды естен шығармағаны абзал. Жалпы Ақжар аудандық білім бөлімі білім беру сапасын көтеру үшін оның даму жағдайы мен үдерісін тексеруді үнемі әрі үзбей жүргізуде, оқушылардың оқу жетістіктерін әділ бағалауда жоспар құрып, тиісті іс-шараларды атқаруда.

Аягөз ХАСЕНОВА,

білім бөлімінің әдіскері.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp