«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘТЕР ЖАЛДАУШЫЛАР ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН ЖИІ БҰЗАДЫ

Соңғы кезде тәуліктеп жалға берілетін пәтерлердегі шу петропавлдықтардың мазасын алуда. Жыл басынан бері 102 нөміріне көршілеріне шағымданған 132 адам хабарласты. Соның 87 жағдайында тәулік бойы жалға берілетін пәтерлерде тыныштық бұзылған. Қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, әрбір жағдай бойынша тиісті шара қолданылды. Түн ішінде тыныштықты бұзғаны үшін пәтер жалдаушыларға қатысты 100-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұл туралы полицейлер мен пәтер бюролары басшыларының бірлескен жиынында айтылды. Онда сондай-ақ жалдамалы пәтерлерде жасалатын ұрлық туралы да сөз болды. Әсіресе, теледидарлар мен тұрмыстық техника жиі қолды болады екен.
Сонымен қатар бұл жиында тәртіп сақшылары пәтер жалға берілген кезде адамның жеке басын куәландыратын құжаттарды кепілдікке алу заңсыз екенін еске салды. Бұл үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 13 мың теңгелен астам айыппұл қарастырылған. Биыл осындай заң бұзушылық үшін екі адам жауапкершілікке тартылды.
Жиын соңында тәртіп сақшылары мен кәсіпкерлер құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы бірлескен шаралар қабылдау керектігі туралы келісімге келді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp