«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН АШУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Криминалистердің жұмысының қиындығын көпшілік біле бермейді. Олар­дың көздеген мақсаты – қылмысты егжей-тегжейлі зерттеу. Жедел-криминалистикалық басқарма бөліністерінің қызметкерлері жыл басынан бері 2,5 мың зерт­теу жүргізді. Аса маңызды ба­ғыттардың бірі – трасология, яғни машина доңғалағы, аяқ киім, қол іздерімен жұмыс жүр­гізу. Кей-кезде ерекше іздер де кездесіп жатады.

Ақпан айында орын алған пә­тер ұрлығын тергеу кезінде кри­миналистер саусақ іздерін 24 таспаға түсіріп алып, егжей-тег­жейлі зерттеу жүргізе келе олар­дың пәтер иелеріне және қо­нақ­тарына тиесілі екенін анық­тады. Криминалист Аза­мат Қоқышевтың кәсіби шеберлігінің арқасында папиллярлық сызық болмайтын дене мүшелерінің іздерін табу мүмкін болды. Табылған іздерді салыстыра келе, элементтерінің көлемі мен ор­наласуы сәйкес келіп, 1977 жылы туған елорда тұрғы­нының қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Тергеу мүд­десіне байланысты бұл ерек­ше криминалистикалық зерт­теуді толық жариялауға бол­майды. Осы орайда күдіктілердің тағы бір пәтер ұрлығына қа­тысы бел­гілі болды. Екі қылмыс бойын­ша жалпы шығын көлемі 1,5 млн. теңгені құрады. Қазіргі уа­қытта тергеу жүргізілуде.
– Жалпы жыл басынан об­лыс криминалистері “Папилон” ақпараттық жүйесіне 278 қыл­мыс орнынан алынған 1295 қол ізін енгізді, – дейді жедел-кри­миналистикалық басқарманың бастығы, полиция полковнигі Игорь Семенов.
Биылғы жылдың қаңтар айы­нан­ жедел-криминалистикалық басқарманың бөліністері 621 қылмыс орнын тексерді. Қажет­ті сараптамаларды жүргізу мақ­сатында екі жылжымалы кри­ми­налистикалық зертхана оқи­ға орнына 32 рет шықты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp