«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫ қомақты қаржыны қолды қылды

Облыс орталығында пәтер ұрлы­ғына қатысы бар деген күдікпен бір топ азамат құрықталды. Олар өткен аптада екі баспанадан 1,5 миллион теңгеден аса ақшаны қолды қылған. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары пәтерлердің есіктерін арнайы құралдардың көмегімен ашқандықтарын мойындап отыр.

Олар бір пәтерден 500, екінші баспанадан бір миллион теңгеден астам қаражатты қолды қылған. Көп ұзамай бұл хабар полицейлерге жетеді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден әрекет етіп, ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 32 мен 43 жас аралығындағы 4 адамды қолға түсіреді. Олардың барлығы бұрын сотталғандар.
– Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе 3-тен 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 113 пәтер ұрлығы жасалды, – деді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Мадияр Харипов .  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp