«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАҚМЕТ

Рақмет, жандар мейірімді, шуақты,
Алып келем өздеріңнен қуатты,
Ақ көңілдің қуанышы, наз-мұңы,
Қалам беріп қолыма менің жырлатты.
 
Дем аламын қиналған сәттерімде,
Өздеріңнен тек шаттық күтемін де,
Көңіл қалса елде бір арамзадан
Сендерді ойлап шүкіршілік етемін де.
 
Алыс жолда саз, батпақ шаршамаймын,
Қиын қыстау кезеңде тайсалмаймын
Бірақ сіздерді ойлап, бір толғанбай
Ешбір таңды жайбарақат қарсы алмаймын.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp