Күннің суытуына орай петропавлдық тәртіп сақшылары арнайы рейд жүргізе бастады.
Шара барысында үй-күйі жоқ, көше кезіп жүретін қаңғыбастар арнайы жылы орындарға жеткізілуде. Мұнда оларға медициналық қызмет көрсетіліп, ыстық тамақ беріледі. Полицейлердің есебі бойынша, қазір облыс орталығында нақты баспанасы жоқ, жылу құбырлары мен құдықтарды, қаңырап тұрғын ғимараттарды мекендейтін 200-ге жуық кезбе бар екен.