«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ресеймен шекарада есірткі алып өту әрекетінің жолы кесілді

Ресеймен шекарада есірткі алып өту әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.

Қазақстандық шекарашылар Қазақстаннан Ресейге шығатын «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде «К» деген Ресей азаматын ұстады. Ол автокөлігіне жасырылған ерекше иісі бар өсімдік тектес затты өткізбекші болған.
 Сараптама нәтижелері анықталған есірткі заты салмағы шамамен 400 грамм болатын «Гашиш» екенін көрсетті.
 Осы іс бойынша құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp