«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РЕСЕЙ ЖАРЫСТАРДАН ШЕТТЕТІЛДІ

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқарушы комитеті Ресейді төрт жыл ішінде ірі халықаралық жарыстарға, оның ішінде Олимпиадаға қатысу құқығынан айырды. 

Швейцарияда өткен жиында допингке қарсы агенттік Ресей шенеуніктері мен бұл елдің Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттерінің жетекшілеріне спорттық шараларға қатысуға тыйым салды.

Бұған дейін “WADA” Ресейді допинг ережелерін бұзды деп айыптаған болатын. Аталған агенттіктің хабарлауынша, Мәскеу спортшылардың зертханалық деректерін өзгертіп, допинг-тест нәтижелерін бұрмалаған. Енді “WADA”-ның бұл шешімі 21 күннен соң немесе спорттық арбитраждық сот апелляцияны қараған соң заңды күшіне енеді.
“Допингтен таза” ресейлік спортшыларға 2020-2022 жылдары өтетін жазғы және қысқы олимпиада ойындарына Олимпиада байрағының астында қатысуға рұқсат берілмек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp