«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РЕСПОНДЕНТТЕР ҮШІН

Ақпараттық ресурстарға деген қызығушылық пен сұраныс күн сайын арта түсуде. Статистика департаментінің интернет-ресурсына жыл басынан бері 50824 респондент шолу жасады.

Статистикалық есеп нысандарын уақытында және сапалы тапсыру үшін респонденттерге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің интернет-ресурстарына үнемі зер салып, жаңартылып отырылатын ақпаратты қолдануды ұсынамыз.

Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің www.soltustik.stat.kz интернет-ресурсындағы “Респонденттерге” бөлімінде барлық қажетті анықтамалық ақпарат орналастырылған: статистикалық есеп тапсыру тәртібі, үнемі жұмыс істеп тұратын семинарлар жоспары, іріктеме зерттеуге жататын кәсіпорындар каталогтары, статистикалық нысандарды толтыру бойынша консультация беретін қызметтердің байланыс телефондары, респонденттер үшін хабарландырулар.  

Қазақстан Республикасы статистика комитетінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы “Респонденттер үшін” бөлімінде электронды статистикалық есепті on-line режімінде тапсыру бойынша ақпарат, статистикалық нысандар тізбесі, респонденттермен алғашқы статистикалық деректерді тапсыру кестесі, статистикалық нысандарды толтыруға арналған сыныптауыштар орналастырылған, сонымен қатар, статистикалық есепке жататын барлық нысандардың электрондық нұсқаларын көшіріп алу мүмкіндігі іске асырылған.

 Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp