«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Өткен жексенбі,15 наурыз күні, сағат 20.30-да Петропавл қаласындағы олимпиадалық резервтегі “Дельфин” мамандандырылған балалар мен жастар спорт мектебінің жүзу бассейні ғимаратының шатырынан өрт шықты. №1 және №2 өрт сөндіру бөлімдерінің жасақтары 5 минуттың ішінде жетіп, от ошағын бір жарым сағаттың ішінде толығымен жойып үлгерді. Оттан зардап шеккен адамдар жоқ. Тілсіз жауды бұғалықтауға жеке құрамның 16 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт төбенің жамылғысын, желдеткіш камераның қабырғасын және электр сымдарын жарамсыз етті. Өрт алаңы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауға желдеткіш жүйесінің технологиялық процесін бұзу себеп болған деген болжам жасалуда.

Бұрнағы күні төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығына олимпиадалық резервтегі “Дельфин” мамандандырылған балалар мен жастардың спорт мектебі ұжымынан өртсөндірушілерге алғыс білдірген хат келді. Хатта өртсөндірушілердің кәсіби шеберлігі арқасында оттың жайылуына және қомақты материалдық шығынға жол берілмегендігі атап айтылған.  

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

 облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp