
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Руслан Әлішев 1978 жылдың 29 шілдесінде туған. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тарихшы, заңгер мамандықтары бойынша тамамдаған.
2004-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің инспекторы, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болған.
2013-2018 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті электронды бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының басшысы, “Nur Otan” орталық аппараты саяси жұмыстар департаментінің директоры, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдан осы тағайындауға дейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты “Орталық коммуникациялар қызметінің” басшысы болып жұмыс істеген.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.