«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

Барады ұмытылып бір ағамыз

Өзім жаздырып алатын  “Soltüstık Qazaqstan” газетінің 12 наурыз күнгі санында тіл, ұлт жанашыры  Әйіп Ысқақтың  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай  Шаяхметов жайлы жазған «Ұлтын жанындай сүйген тұлға» атты мақаласы қолыма еріксіз қалам алдырды. Автордың  саналы ғұмырын ел-жұртының өркениеттен қалыспай, терезесі тең елдер қатарына қосу жолына арнаған  қоғам, мемлекет қайраткерінің есімінің ұмытылып бара жатқанына …

Барады ұмытылып бір ағамыз Read More »

Алаштың аяулы перзенті

Жуырда тұлғатану курсы бойынша Смағұлтануға елеулі үлес қосатын үш жинақ қолымызға тиді. Үшеуін де Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты шығарған. Жинаққа мақалалары енгендер елімізге танымал тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен өлкетанушы, зерттеушілер. Бірінші жинақ – «Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті» (құжаттар жинағы), екіншісі – 2023 жылы Алматыда болған «ХХ ғасырдағы Қазақстан мен …

Алаштың аяулы перзенті Read More »

Спартак РАМАЗАНОВ: “Орыс театрында ұлттық болмысымызға сай қойылымдар көп сахналануы керек”

– Театр сыншысы, марқұм Әшірбек Сығай бір сұхбатында: «Сахнада, экранда кілең шіңкілдек, ұсақ актерлер көбейді. Екі иығына екі кісі мінгендей фактура жоқ. Кескін келбеті келіскен кермиықтарға зәруміз. Майда тартып барамыз. Шіңкілдеп, елпілдеп кеттік», –  деп ашынады. Мұның себебі неде? Шығар жолы қайсы? – Бұл сауалға  жауап бермес бұрын қоғамдағы жастарға бір сәт көз жүгірткеніміз жөн …

Спартак РАМАЗАНОВ: “Орыс театрында ұлттық болмысымызға сай қойылымдар көп сахналануы керек” Read More »

“АЛАШ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Қазақстан Жазушылар одағында өткен жылды қорытындылаған алқалы жиын өтіп, жерлесіміз, жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменовтің халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленгені белгілі болды. Жарасбай Қабдоллаұлы Қызылжар ақын-жазушыларының ішінен алғаш болып «Алаш» сыйлығын иеленіп отыр. Бұл – облыс руханияты мен әдебиеті үшін үлкен жетістік. Өмірін әдебиет пен ақпарат саласына арнап келе жатқан Жарасбай Сүлейменов түрлі жанрда қалам тартып, …

“АЛАШ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ Read More »

Бесіктен безу береке әкелмейді

Қазақ өзі ерекше қадір тұтқан ұғымдарға “ақ” сөзін қосарлап айтқан. Бұл да біздің ұлттық ерекшелігіміздің бірі. Ақ бата, ақ тілек, ақ неке, ақ келін, ақ босаға – мұның бәрі жұртымыз үшін аса қастерлі ұғымдар. Соған қарап “ақ” сөзінің қазақ үшін тек заттың түсін білдіріп қоймағанын көреміз. “Ақ” ұғымы тазалықтың, киенің, қасиеттің белгісі болған. Сол сияқты …

Бесіктен безу береке әкелмейді Read More »

АРДАҚТЫ АҒА

«Мен үлкен жұмыс атқарып жатырмын. Өңірдегі өрелі журналистің бірімін, еңбегім еленбейтіні қалай?» – деп емеуірін танытпаған, ондай ойы да болмаған ардақты ағамыз Дүйсенбі Әуелбековтің туғанына 95 жыл толып отыр. Елудің ар жақ-бер жағындағы кемел шағында мен ол кісімен бірге қызмет істедім. Жазғандарын оқитын диктор едім. Бұл қызметке 1969 жылы конкурстан өтіп қабылдандым. Осы жұмыстың жетегінде …

АРДАҚТЫ АҒА Read More »

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…»

Халқымыз небір қиындықты басынан өткерді ғой. Аумалы-төкпелі заманда әні мен күйінен, жыры мен сазынан айырылудың аз-ақ алдында қалғаны жалған емес.  Ұлтымыздың тұғырлы таланттары саналатын көптеген  ақынның туындылары халық әні деген атауға телінді.  Бір өкініштісі, бүгінге дейін біз  бірқатар әнді авторсыз атап, халық әні деп жүрміз. Солардың бірі – «Қараторғай». Бұл шығарманың бірнеше нұсқасы бар.  Мен  …

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…» Read More »

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Осыдан үш жыл бұрын дүние­ден өткен көрнекті тарихшы, ұла­ғатты ұстаз, Тарих және әлеу­меттік ғылымдар академиясы­ның академигі, тарих ғылымда­рының докторы Қадыржан Әбуовтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Кел­леров ау­данына қарасты Талап ауылы. Ағамыз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде профессор, тарих кафедрасының меңгеруші­сі қызметтерін атқара жүріп, Отан тарихы мен өңір шежіресін ұлт­тық таным тұрғысынан зерделеп, …

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ

Халықаралық театр күніне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Көрермен назарына “Сараң” спектаклі ұсынылып, үздік деп танылған мамандар марапатталды. Облыстық кәсіподақтар ор­та­лығының төрағасы Ерік Нұрақаев пен мәдениет, спорт, ту­ризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлнәр Қасымова өнер иелерін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, театр – халықтың жаны, рухани айнасы екенін айтты. Өнер …

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ Read More »

Қараңғыдағы қойылым

Облыстық қуыршақ театрында “Степной нок­тюрн или между закатом и рассветом” атты қойылым сахналанды. Туындының ав­торы – ресейлік режиссер Ев­гений Ибрагимов. Қойылымды қазақ халқының тарихына жасалған қызықты саяхат деуге болады. Қараңғы зал. Қасқырдың дауы­сы, құстардың сайрағаны, шы­бын-шіркейдің сыбдыры, ат тұя­ғының дүбірі естіледі. Актер Нұрсұлтан Қалқабекке сахнадағы қараңғылық біраз қиындық тудырған. – Әртіске қараңғыда ойнау оңай емес. …

Қараңғыдағы қойылым Read More »

Достық мерекесі

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университеті агротехнологиялық факульте­тінің студенттері мен Ұлттық ұлан академиясының курсант­тары арасында “Наурыз – дос­тық мерекесі” атты байқау өтті. Қатысушылар 5 командаға бө­лінді. Сайыс барысында әр топ қа­зақ, армян, өзбек, қытай, орыс ұлттарының мәдениетін, әдеп-ғұрпын таныстырып, ұлттық тағамдарын әзірледі. Білім алушылар әр ұлттың тамағын жоғары оқу орнының азық-түлік технологиясы зертханасының базасында алдын ала …

Достық мерекесі Read More »

“Жас тұлпардың” жолы жалғасса…

Қазақ “Ақыл – жастан, асыл – тастан” деп тегін айтпаған ғой. Не­бір қилы замандарда жастары­мыз еліне қорған болып, қайсар­лықтың үлгісін көрсете білді. Ұлт тарихындағы елеулі оқиғалар­дың бәріне жастарымыз белсене қатысты. Заманның тамыр соғы­сын тап басатын, келер күнді қо­рықпай қарсы алатын да – осы буын. Содан да болар, өткен ға­сырдың басында даламызда құ­рылған алғашқы ұйымдар да …

“Жас тұлпардың” жолы жалғасса… Read More »

БАТЫР БАЯННЫҢ ЕСІМІ ЛАЙЫҚ

Бүгінгі өмір талабының бірі – киелі жеріміздің тарихи атауларын біріздендіру десек, бұл бағыттағы жұмыстар тарих, әлеуметтану, геодезия, география мамандарымен бірлесе отырып, ономастикалық заңдылықтарға сай жоспарлы әрі сауатты түрде жүргізуді міндеттейді. Меніңше, әр мемлекеттің топонимиялық жүйесі ұлттық айшықты белгілерді білдіріп тұруы шарт. Өкінішке қарай, теріскей аймақтарда қазақша атаулардан гөрі кірме топонимдер үлесі әлі басым. Мәселен, Булаев …

БАТЫР БАЯННЫҢ ЕСІМІ ЛАЙЫҚ Read More »

“Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…”

Ел ара­сында “Журналистика – аттың жалында, түйенің қо­мын­да жү­ріп, қызмет ететін кә­сіп” деген сөз жиі айтылады. Бел­гілі жазу­шы Шерхан Мұртаза: “Жорнал­шылар да түйе сияқты: арқа­лағаны – алтын, жегені – жан­тақ”, – деп әманда қызығы­нан қиындығы көп, жақсылыққа жаны құштар қоғам жаршыла­ры­ның табиғатын дәл сипаттай білген. Күнделікті өмір құ­бы­лыс­тарын ой елегінен өткізіп, зерт­теп-зерделеудің, сүбелі та­қы­рыптар мен …

“Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…” Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨСІН ДҮБІРГЕ БӨЛЕГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы еліміздегі барша халықтың, ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Ұлық мерекені ұлықтау үшін жыл сайын өтетін думанды кеш елдің ортақ қуанышына айналғаны рас. Әйтсе де биылғы көктем мерекесі қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен құндылықтарын айшықтайтын Наурызнама онкүндігі аясында ерекше атап өтілді. …

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨСІН ДҮБІРГЕ БӨЛЕГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »

Рухани нәр

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі ұйымдастырған концерт “Наурыз көктемі” деп аталды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармония жанындағы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов арнайы шақыртылыпты. Оркестірге жетекшілік еткен ол халық назарына Құрманғазының “Қуаныш”, Дәулеткерейдің “Бапас”, Әлшекейдің “Желдірме”, Жантөренің “Шалқыма”, Махамбеттің “Ақжелең” күйлерін және …

Рухани нәр Read More »

Қызыр түнінің қасиеті

Қазақ халқының Наурыз­ды қарсы алудағы ежелгі на­ным-сенімі бойынша, дәл осы кеш­те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті қазақ үшін Нау­рыз түні “Қызыр түні” аталып, қа­сиетті са­нал­ған. Ал осы “Қызыр түнінде” ел ара­лай­тын Қыдыр ата­ның қазақ өміріндегі орны қан­дай? Бұл қаншалықты дұрыс? Жал­­пы адамдарға дәулет дары­тып, бақ қон­дырады дейтін ізгі се­німмен астасып жата­тын аталған әулие …

Қызыр түнінің қасиеті Read More »

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫҚ МЕЙРАМ

Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз. Төл тарихымызға үңілетін болсақ, бабаларымыз ұлт тағдырына қатысты қадау-қадау жайттар­ды алқалы жиындарда халық бо­лып талқылап, ақылдасып, бү­кіл елді біріктіретін шешім қа­былдап отырған. Талас құрыл­тайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекетке айналды. Ордабасы, Қарақұм құрылтай­ла­ры қол бастаған батырлар­ды елді, жерді қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бі­рін­ші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. …

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫҚ МЕЙРАМ Read More »

Сарқылмас қазына

“Ата көрген – оқ жонар”, – деген рас-ау! Қазақтың ұлт­тық тұрмыстық қолөнер бұйымдарын жасау, бір жағынан наси­хаттау бағытындағы үзіліссіз ең­бек жолыма үңілсем, көз алды­ма атам елестейді. Ол кісінің ар­қасында кенжелеп қалған қол­өнермен түбегейлі айналысып, кәнігі, кәсіпқой маман болып қа­лыптастым. Атам тері илейтін, қамшы өретін, жылқының жалы мен құйрығынан арқан есетін. Әдемілеп безендірген жүген, ноқта, доға …

Сарқылмас қазына Read More »

Ата кәсіп – балаға мұра

Қазақ – ықылым заманнан бері сән-салтанатпен өмір сүр­ген халық. Алайда құс қанатына байланған заман ағымы, дәуір талғамы, солақай саясаттың салдарынан кейбір әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз қазір өзге түгілі өзімізге таңсық. Қазіргі буын қоржын, аткежім, текемет дегеннің не екенін біле бер­мейді. Ал білетіндердің ол жай­лы айтып, насихаттап жатқаны шамалы. Ел болып еңсемізді көтергелі бері өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, …

Ата кәсіп – балаға мұра Read More »