С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұйымдастырылған әдеби-музыкалық кеш рәміздер күніне арналды. Іс-шара көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқовтың рухына тағзым ету, олардың шығармашылығын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Рухани мұра – елдің еңсесін көтеретін күш. Халық жүрегінде сақталған ән мен жыр – мәңгілік байлығымыз. Кеш барысында Жұмекен Нәжімеденовтің ел әнұранының мәтінін шахтада еңбек етіп жүргенде жазғаны туралы айтылды. Ал Шәмші Қалдаяқовтың журналистика факультетін бітіріп, әр жанрда қалам тербеп, саз өнеріне де зор үлес қосқаны баяндалды.
Студенттер ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, өнерпаздар домбырамен күй орындады. Қос қайраткерге арналған кітап көрмесін тамашалағандар аз болмады.
Аружан ҚҰРЫМБАЙ,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.